Бұл жерде Telegram-ға қатысты басты сұрақтарға жауап жинақталған.
Толығырақ техникалық ақпарат үшін қосымша ЖҚС қараңыз.
Telegram әрдайым дамып, жаңарып отырады, сондықтан кей ақпарат ескіріп қалуы мүмкін.
ЖҚС, бот қолдану нұсқаулығы және басқа да құжаттарды тұрақты түрде жаңартамыз.
Қолданушы аты мен t.me сілтемесі
Telegram қолдау қызметіне хабарласу
Twitter-де жазылу
Facebook
Қосымша ЖҚС
Telegram – жылдамдық пен қауіпсіздікті басты назарда ұстайтын мессенджер қолданбасы. Өзі өте жылдам, қарапайым әрі тегін. Telegram-ды бір уақытта бірнеше құрылғыда қолдана аласыз. Қаншама телефон, планшет не компьютеріңіз болса да, хаттарыңыз солардың барлығында жылдам үйлестіріледі. Telegram-ның 1 миллиардтан астам белсенді қолданушысы бар. Ол – әлемдегі ең көп жүктеліп алынған 5 қолданбаның бірі.
Telegram арқылы хат, сурет, бейне және кез келген файл (doc, zip, mp3 және т.б.) жібере аласыз, сонымен қатар топ не арна құрып, 200 000 дейін адам қосып, шексіз аудиторияға ие бола аласыз. Контактілеріңізге жаза аласыз және қолданушы аты арқылы адамды таба аласыз. Нәтижесінде Telegram SMS пен электронды пошта біріктірілген сияқты және барлық жеке не кәсіби хат алмасу қажеттіліктеріңізді қанағаттандыра алады. Одан қалды қолданбадағы дауыс пен бейнеқоңырау секілді мыңдаған қолданушы қосыла алатын топтық дауысчат та өтпелі шифрланған.
Telegram-ның басқа да артықшылықтарды білгіңіз келсе, Telegram Tips арнасына жазылыңыз.
Telegram жылдам әрі қауіпсіз хат алмасқысы әрі қоңырау шалғысы келетіндерге арналған. Іскер қолданушылар мен шағын ұжымдарға үлкен топ, қолданушы аты, Desktop қолданбалары мен файл бөлісу мүмкіндіктері ұнауы мүмкін.
Telegram топтарында 200 000 мүше болуы мүмкін болғандықтан, жауаптар, атап өтулер мен хештегтерді қолдаймыз. Үлкен қауымдастықтардағы тәртіпті сақтауға және байланысты тиімді сақтауға көмектеседі. Осы қауымдастықтардың бейбітшілікте өркендеуіне көмектесу үшін әкімшілер тағайындай аласыз. Жария топтарға кез келген адам қосыла алады және пікірталас пен пікір жинауға арналған қуатты платформа.
Суреттерді жақсы көрсеңіз, Telegram-да анимациялы GIF іздеу, заманауи сурет өңдегіші және ашық стикерлер платформасы бар (кейбір әдемі стикерлерді мына жерден не мына жерден табыңыз. Сонымен қатар, құрылғыңыздағы жадтағы орын туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Telegram-ның бұлттық қолдауы мен кәшті басқару баптауының арқасында қолданба телефоныңыздың жадында дерлік орын алмайды.
Қосымша құпиялықты қалайтындар қосымша баптау мен революциялық саясатымызды тексеруі керек. Толық құпиялық керек болса, құрылғыға байланған құпия чаттарды қолданып көріңіз, онда өздігінен жойылатын хаттар, суреттер мен бейнелер бар әрі қолданбаны қосымша құлыптау кодымен құлыптаңыз.
Біз дамып келеміз, Telegram-ның қысқаша тарихын шолыңыз.
Twitter мен Telegram арқылы байланыста болыңыз.
WhatsApp-тан айырмашылығы, Telegram — бұлтқа негізделген, үйлестіруі үздіксіз мессенджер. Соның арқасында сіз хаттарыңызға бір уақытта бірнеше құрылғыдан, соның ішінде планшеттер мен компьютерлерден, қол жеткізе аласыз және шексіз саны бар суреттер, бейнелер мен файлдарды (doc, zip, mp3 және т.б.) әрқайсысы 2 ГБ дейін бөлісе аласыз.
Telegram-ға құрылғыңызда 100 МБ да аз орын қажет, барлық медиаңызды ештеңені жоймай-ақ бұлтта сақтай аласыз, орын босату үшін жай ғана кәшті тазалаңыз.
Бірнеше деректер орталығы бар инфрақұрылымының және шифрлаудың арқасында Telegram жылдамырақ әрі әлдеқайда қауіпсіз. Оған қоса, Telegram-дағы жекелей хат алмасу тегін және солай қала береді, жарнамалар жоқ, жазылым ақылары жоқ, мәңгі.
Telegram-ның API-і мен бастапқы коды ашық, ал әзірлеушілер өздерінің Telegram қолданбаларын жасауға шақырылады. Бізде сондай-ақ Bot API бар, бұл әзірлеушілерге арналған платформа, ол Telegram үшін мамандандырылған құралдарды оңай жасауға, кез келген қызметтерді біріктіруге және тіпті әлемдгені бүкіл қолданушысынан төлем қабылдауға мүмкіндік береді.
Және бұл ұзақ жолдың басы ғана.
Telegram мүмкіндіктерін көбірек білу үшін Telegram Tips арнасына жазылыңыз.
iOS үшін Telegram 2013 жылы 14 тамызда іске қосылды. Android үшін Telegram-ның альфа-нұсқасы 2013 жылы 20 қазанда ресми түрде іске қосылды. Telegram-ның ашық платформасын қолданып, тәуелсіз әзірлеушілер әзірлейтін Telegram клиенттері барған сайын көбейіп келеді.
Telegram-ды смартфондарда, планшеттерде, тіпті компьютерлерде де қолдана аласыз. Бізде iOS (11.0 және одан жоғары), Android (6.0 және одан жоғары) үшін қолданбалар, жергілікті macOS қолданбасы және Windows, macOS және Linux үшін әмбебап Desktop қолданбасы бар. Telegram Web жол үстінде жылдам бірдеңе істеуге де көмектеседі.
Telegram-ға қалағаныңызша көп құрылғыдан, яғни бәрінен бір мезгілде кіре аласыз. Барлық жерде кіру үшін негізгі ұялы телефон нөміріңізді қолданыңыз, бұлттық чаттарыңыз лезде үйлестірілееді.
Өзге платформалар үшін өз қолданбаңызды жасағыңыз келсе, Telegram API әзірлеушілер үшін ашық.
Telegram-ды Павел Дуров пен оның ағасы Николай қолдайды. Павел Telegram-ға қаржылай және идеологиялық тұрғыдан қолдау көрсетеді, ал Николайдың үлесі технологиялық сипатта. Telegram-ды мүмкін ету үшін Николай ашық, қауіпсіз және бірнеше деректер орталықтарымен жұмыс істеуге оңтайландырылған бірегей арнайы деректер протоколын әзірледі. Нәтижесінде, Telegram кез келген желіде қауіпсіздікті, сенімділікті және жылдамдықты ұштастырады.
Қосымша: Telegram туралы мақалалар
Telegram-ның әзірлеу тобы Дубайда орналасқан.
Telegram-ның артында тұрған әзірлеушілердің көпшілігі бастапқыда Санкт-Петербургтен шыққан, бұл қала жоғары білікті инженерлердің бұрын-соңды болмаған саны арқылы танымал. Telegram тобы жергілікті IT реттеулері салдарынан Ресейді тастап кетуге мәжбүр болды және базасы ретінде бірнеше орынды сынап көрді, олардың қатарында Берлин, Лондон және Сингапур бар. Қазіргі уақытта біз Дубайға разымыз, дегенмен жергілікті заңдар өзгерсе, қайтадан қоныс аударуға дайынбыз.
Жоқ. Толық ақпаратты мына жазба арқылы тынаса аласыз.
Басты құндылығымыз — жылдам әрі қауіпсіз, сонымен қатар 100% тегін хат алмасу.
Негізін қалаушы және бас атқарушы директор Павел Дуров Telegram тарихының басым бөлігінде жобаны қаржыландырып келді және осы жазбада Telegram-ды тұрақты ету стратегиясын баяндады.
Осы жоспарға сай, Telegram қолданушыларды бірінші орынға қоятын, тұрақты монетизация түрлерін енгізді:
Бұл кіріс көздері инфрақұрылым шығындарын және әзірлеушілердің еңбекақысын өтеуге көмектеседі, алайда пайда табу ешқашан Telegram үшін түпкі мақсат болмайды.
Жазылым туралы қосымша ақпаратты Telegram Premium ЖҚС бөлімінен біле аласыз.
Интернеттегі құпиялықтың ең маңызды екі құрамдасы мыналар болуы тиіс деп санаймыз:
Telegram-ның мақсаты – революциялық құпиялық саясаты бар, шын мәнінде тегін мессенджер жасау.
Еуропада Жалпы деректерді қорғау регламенті (GDPR) 2018 жылғы 25 мамырда күшіне енді. Құпиялыққа деген құқығымызды қайтарып алу, Telegram-ды жасағанымыздың негізгі себебі болғандықтан, бізге көп өзгеріс енгізудің қажеті болмады. Біз деректеріңізді жарнаманы нысаналы ету үшін қолданбаймыз, оларды өзгелерге сатпаймыз және ешбір мафия тобының «компаниялар отбасының» құрамында емеспіз.
Telegram тек мүмкіндіктері мол бұлттық қызмет ретінде жұмыс істеуі үшін қажет ақпаратты ғана сақтайды. Мысалы: бұлттық чаттарыңыз оларды үшінші тараптың сақтық көшірмелерін қолданбай-ақ кез келген құрылғыдан аша аласыз немесе контактілеріңіз Telegram-да адамдарға хат алмасқанда бұрыннан бар әлеуметтік байланыстар желісіне сүйене аласыз. Қосымша ақпаратты құпиялық саясаты бөлімінен қараңыз.
@EURegulation арқылы мыналарды істей аласыз:
Барлық Telegram қолданбасында модераторларымызға заңсыз контентті белгілеуге мүмкіндік беретін «Шағыну» батырмасын қолданыңыз.
Android-та Telegram-да хатты басып, мәзірден Шағыну таңдаңыз. iOS-та хатты басып, ұстап тұрыңыз. Telegram Desktop-та, Web-нұсқада немесе Telegram for macOS-та хатқа тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, Шағыну таңдаңыз. Содан кейін тиісті себепті таңдаңыз.
Сондай-ақ автоматтандырылған жоюға арналған электронды пошта мекенжайымызды abuse@telegram.org қолдана аласыз. Электронды поштамен жоюға өтініш жіберсеңіз, модераторларымыздың назарын қажет ететін Telegram ішіндегі контентке сілтемелерді (мысалы: t.me/... немесе @...) қосқаныңызға көз жеткізіңіз.
ЕО-дан келген қолданушыларға тиісті шағыну опциялары үшін ЕО-ның Цифрлық қызметтер туралы актісіне арналған қолданушы нұсқаулығын қарап шығуға болады.
Еуропалық парламент пен кеңестің 2021 жылғы 29 сәуірдегі интернетте лаңкестік контенттің таралуын тежеу туралы регламенті (ЕО) 2021/784 (Лаңкестік контентті онлайн реттеу немесе ЛКОР) Telegram-ның жария платформасында бұндай контент анықталған жағдайда, ЕО елдеріндегі уәкілетті органдарға лаңкестік контентті жою туралы өтініштер жіберуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ЛКОР-ға қатысты коммуникациялар бойынша бізге көмектесу үшін үшінші тарап European Digital Services Representative (EDSR) тағайындалған.
ЛКОР ережесіне байланысты жазбалары жойылған қолданушылар басылымдарының неліктен лаңкестік деп танылғаны және жоюға қалай шағымдануға болатыны туралы мәліметтерді сұрай алады:
/tco_ask пәрменін қолдану арқылы.Өтініштер ағылшын және француз тілдерінде қабылданады.
Жеке топтар мен чаттар Telegram-да өз қатысушыларының арасында жеке меншігі. Біз олар бойынша ешқандай өтініштерді өңдемейміз. Алайда, Telegram-да көпшілікке қолжетімді стикер жинақтары, боттар, арналар және топтар да қолдау табады.
Telegram-ның көпшілікке арналған платформасының бөлігі қандай да бір ботты, арнаны, стикер жиынтығын немесе өзге контентті көріп, ол авторлық құқығыңызды бұзады деп санасаңыз, шағымды dmca@telegram.org адресіне жіберіңіз. Назар аударыңыз: бұндай өтініштерді тек авторлық құқық иесі немесе құқық иесінің атынан әрекет етуге уәкілетті агент қана жібере алады.
Миссиямыз — ғаламшардың кез келген нүктесінде жұмыс істейтін қауіпсіз коммуникация құралын ұсыну. Бұны ең қажет жерлерде жүзеге асыру үшін (және Telegram-ды App Store мен Google Play арқылы тарата беруді жалғастыру үшін) біз қолданба ішінде заңсыз жария контентті (мысалы: стикер жинақтары, боттар, топтар және арналар) жою туралы заңды өтініштерді өңдеуге мәжбүрміз. Мысалы: зияткерлік меншік құқықтарын бұзатын стикер жинақтарын немесе порнографиялық боттарды жоя аламыз.
Telegram-дағы жария контент қолданушылар жүктеген стикер жинақтары, арналар және үшінші тарап әзірлеушілері жасаған боттар сияқты, Telegram-ның негізгі қолданушы интерфейсінің бөлігі емес. Бізге заңсыз болуы мүмкін жария контент туралы шағым түскен сайын, қажетті құқықтық тексерістерді жүргіземіз және орынды деп саналған жағдайда оны алып тастаймыз.
Назар аударыңыз: бұл сөз бостандығына қатысты жергілікті шектеулерге қолданылмайды. Мысалы: қандай да бір елде үкіметті сынау заңсыз болса, Telegram бұндай саяси уәжді цензураға қатыспайды. Бұл біздің негізін қалаушылардың қағидаттарына қайшы. Біз лаңкестік (мысалы: ИШИМ-ге қатысты) боттар мен арналарды бұғаттасақ та, балама пікірді бейбіт түрде білдіретін ешкімді бұғаттамаймыз.
Біз ботыңызды, арнаңызды немесе стикер жинағыңызды ешқандай айқын себепсіз бұғаттады деп ойласаңыз, abuse@telegram.org мекенжайына бізге жазыңыз.
Құпия чаттар End-to-End шифрлауын қолданады, соның арқасында бізде жария етуге дерек болмайды.
End-to-End шифрлауы қамтымайтын деректерді қорғау үшін Telegram үлестірілген инфрақұрылымды қолданады. Бұлттық чат деректері әлемнің түкпір-түкпіріндегі бірнеше деректер орталықтарында сақталады, олар әртүрлі юрисдикциялар бойынша таралған, әртүрлі заңды тұлғалардың бақылауында. Тиісті дешифрлау кілттері бөліктерге бөлінеді және олар қорғайтын деректермен бір жерде ешқашан сақталмайды. Нәтижесінде, бізден кез келген деректерді беруге мәжбүрлеу үшін әртүрлі юрисдикциялардан бірнеше сот ұйғарымы қажет болады.
Осы құрылымның арқасында бірде-бір үкімет те, пікірлес елдердің ешбір блогы да адамдардың құпиялығына және пікір білдіру еркіндігіне қол сұға алмайтынына кепілдік бере аламыз. Telegram тек мәселе бүкіл әлемдегі бірнеше түрлі құқықтық жүйелердің тексерісінен өтетіндей дәрежеде ауыр әрі әмбебап болған жағдайда ғана деректерді беруге мәжбүрленуі мүмкін.
Бүгінгі күнге дейін біз үкіметтерді қоса алғанда, үшінші тұлғаларға қолданушы хаттарының 0 байтын да берген жоқпыз.
Деректеріңіздің қалай қорғалатыны туралы қосымша ақпаратты Telegram-ның құпиялық саясаты мен Telegram бас директорының осы жазбасынан қараңыз.
Telegram мүмкіндіктерін көбірек білу үшін Tips Channel жазылыңыз.
Сіз телефон контактілеріңізде бар және Telegram-да тіркелген адамдарға жаза аласыз. Адамдармен байланысудың тағы бір жолы — олардың Telegram қолданушы атын іздеу өрісіне енгізу, бұл үшін олардың телефон нөмірін білуіңіздің қажеті жоқ.
Telegram-да адамдар телефон нөміріңізді білсе немесе алдымен өзіңіз оларға хабарлассаңыз, сізбен байланыса алады.
Олар телефон нөміріңізді білмесе, сізді мына жағдайларда таба алады:
Telegram үшінші тарап қызметтеріне өз қолданушыларына Telegram арқылы тексеру кодтарын жіберуге мүмкіндік береді. Бұл кодтар тек тексерілген «Растау коды» чатына келеді және кодты бір түртумен бірден көшіруге мүмкіндік береді.
Атауы мен бейін суретін көрсетпеген қызметтердің кодтары әдепкі «Растау коды» атауы және суретімен көрсетіледі.
«Растау коды» чатында код алсаңыз, бұл ең ықтимал, сыртқы веб-сайтқа, қолданбаға немесе маркетплейске кіруді сұрағаныңыздан болады. Сондай-ақ басқа біреу басқа қызметке кірген кезде телефон нөміріңізді қателесіп енгізіп жіберуі де мүмкін. Қалай болғанда да, Telegram тіркелгіңіз толық қауіпсіз, кодты өзіңіз сұрамаған болсаңыз, оны жай ғана басып, «Шағыну» таңдаңыз, басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ.
Тексеру кодтарының қандай жолмен жіберілетінін үшінші тарап қызметтері өздері анықтайды, Telegram бұны басқара алмайды және қызметке таңдауларыңызды хабарлай алмайды. Жиі жеткізілмей қалуы әрі ұсталып қалуы мүмкін SMS кодтарынан айырмашылығы, Telegram арқылы жіберілетін тексеру кодтары лезде жеткізіледі және қауіпсіз түрде шифрланады, бұл оларды қолданушылар мен қызметтер үшін қауіпсіз әрі сенімді етеді.
«Растау коды» чаты тек үшінші тарап қызметтерінен келетін кодтар үшін қолданылады. Ал Telegram тіркелгіңізге сеанс кодтары чат тізіміңіздегі «Telegram» деп аталатын тексерілген қызметтік мәлімдемелер чатына жіберіледі және оларды ешкіммен ешқашан бөлісуге болмайды, басқа қызметтер мен қолданбаларды қоса алғанда.
Telegram-ы бар контактілеріңіз контактілер тізімінің жоғарғы жағында көрсетіледі. Оларда бейін суреттері де болады.
iOS: Негізгі шақырулар ол қарапайым SMS хабарламалар. Олар байланыс операторыңыз бойынша әдеттегі жіберілетін SMS ретінде тарифтеледі (iMessage арқылы жіберілмесе). Әрине, достарыңызды осында әкелудің басқа жолдары да бар. Оларға кез келген басқа хат алмасу қызметі арқылы жүктеп алу сілтемесін жіберіп көріңіз: электронды пошта, Facebook, WhatsApp және т.б. өзіңіз таңдаңыз. Сілтеме: https://telegram.org/dl/
Android: Қолданба мәзірін ашыңыз (чаттар тізімінде оңға сырғытыңыз) → Достарды шақыру. Содан кейін шақыруларды жібергіңіз келетін қолданбаны таңдаңыз.
Достарыңызға қолданушы атыңыз көрсетілген t.me сілтемесін беруге болады, сонда оларда телефон нөміріңіз болмаса да, Telegram ішінде сізді оңай таба алады.
Бір құсбелгі — хат Telegram бұлтына жеткізілді және ол мәлімдемеге рұқсат берген болса, досыңызға хабар берілді.
Екі құсбелгі — хат оқылды (досыңыз Telegram-ды ашып, осы хаты бар чатты ашты).
Бізде хаттар үшін «құрылғыға жеткізілді» деген күй жоқ, себебі Telegram-ды қалағаныңызша көптеген құрылғыда қолдануға болады. Онда бұл белгі нақты қай құрылғыға қатысты болады?
Бұл ақпаратты кім көретінін құпиялық пен қауіпсіздік баптауында таңдай аласыз.
Өз уақытыңызды олармен бөліспейтін адамдар үшін сіз соңғы рет кірген уақытын көрмейсіз. Алайда сіз шамамен соңғы көріну мәнін көресіз. Бұл аңдушыларды алыстатады, бірақ адамның Telegram арқылы байланысуға қолжетімді немесе қолжетімсіз екенін түсінуге мүмкіндік береді. Шамамен мәндердің төрт мүмкін нұсқасы бар:
Соңғы белсенділік ережелері желідегі күйіңізге де қолданылады. Сіз соңғы көріну уақытыңызды кіммен бөліссеңіз, тек сол адамдар сізді желіде күйінде көре алады.
Кейбір ерекшеліктер бар, өйткені кейде желіде екеніңіз айқын болады. Соңғы белсенділік баптауына қарамастан, төмендегілердің бірін жасасаңыз, адамдар сізді қысқа уақытқа (~30 секунд) желіде екеніңізді көреді:
Сіз біреумен соңғы кірген уақытыңызды бөліспесеңіз және жоғарыдағының ешқайсысын жасамасаңыз, ол адам сізді ешқашан желіде екеніңізді көрмейді. Бұны іске асырудың тағы бір жолы — ол адамды бұғаттау.
Иә. кез келген жеке әңгімеде екі жаққа да жіберген не қабылданған кез келген хаттарды әрқашан жоя аласыз (топтарда, бұл тек сіздің жеке хаттарыңыз). Сондай-ақ бүкіл чат тарихын екі жақтан да тазалауға болады. Telegram-да жойылған хаттар чатта із қалдырмайды.
Жөнелтілген хат құпиялық баптауымен бірге алғанда, бұл Telegram хаттарымен алмасуды (диктофонсыз) бетпе-бет сөйлесуге ұқсатады. Нәтижесінде, қолданушыларға чаттарында жылдар бойы жиналатын деректер үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Әңгімелесудің екі тарапы да өздерінің онлайн тұлғасына не кіретінін және не кірмейтінін толық бақылай алады.
Иә! End-to-End арқылы шифрланған қоңырау мен бейнеқоңырау жасай аласыз.
Қатысушылардың көбірек болғанын қаласаңыз, өзіңіз құрған топтардың бірінде дауыстчатты бастап көріңіз. Дауысчаттар топқа тікелей, уақытша әңгіме қабатын қосады. Оны командаларға арналған виртуалды кеңсе ретінде де, кез келген қауымдастыққа арналған бейресми алаң ретінде де қолдануға болады. Дауысчаттар топтық қоңыраулар болмаса да, олар ұқсас мақсаттарға қол жеткізе алады.
Тиісті эмоджи ұсынысын алу үшін енгізу өрісіне бір сөз жазыңыз. Сондай-ақ :жүрек сияқты эмоджи іздеуді ашу үшін «:» таңбасын теріп, кез келген сөзді жазуға болады.
Өз тіліңіздегі эмоджиге жетіспейтін түйінді сөздерді мына бетбейне арқылы ұсына аласыз.
Telegram топтарының әрқайсысында 200 000 қатысушыға дейін бола алады және олар қуатты коммуникация құралдары. Міне, мессенджер әлемінде оларды ерекшелендіретін негізгі мүмкіндіктер:
Бірыңғай тарих
Жариялағаннан кейін хаттарыңызды өңдеңіз, барлығынан бірден жоғалатындай етіп жойыңыз.
Кросс-платформалық қолжетімділік
Хаттарыңызға кез келген уақытта, мобильді немесе үстелдік құрылғыларыңыздың кез келген санынан қол жеткізіңіз.
Лездік іздеу
Миллиондаған хаттың арасынан да керек хатыңызды табыңыз. Іздеуді жеңілдету үшін жіберуші бойынша сүзгілеңіз.
Жауаптар, атап өтулер, хештегтер
Әңгімелесуді оңай қадағалаңыз және топ көлемі қандай болса да, коммуникацияны тиімді ұстаңыз.
Ақылды мәлімдемелер
Топты үнсіз режимге қойып, тек біреу сізді атаса немесе хаттарыңызға жауап берсе ғана мәлімдеме алыңыз.
Бекітілген хаттар
Кез келген хатты чат экранының ең жоғарғы жағына көрсетілетіндей етіп бекіте аласыз. Топ мүшелері тобыңыздағы қарапайым хаттарды үнсіз режімге қойған болса да, барлығы мәлімдеме алады.
Модерация құралдары
Хаттарды жаппай жоя алатын, мүшелікті басқаратын және маңызды хаттарды бекітетін әкімшілерді тағайындаңыз. Әкімші өкілеттіктерін өте дәл деңгейде анықтаңыз.
Топ рұқсаттары
Барлық мүшеге белгілі бір түрдегі контент жіберуді шектеу үшін әдепкі рұқсаттарды орнатыңыз. Тіпті мүшелерге хат жіберуді мүлде шектеуге де болады, ал әкімшілер өзара сөйлесіп, қалғандары бақылап отыра алады.
Файлды бөлісу
Кез келген түрдегі файлдарды, әрқайсысы 2 ГБ-қа дейін, жібере де, қабылдай да аласыз және оларды басқа құрылғыларыңыздан бірден аша аласыз.
Жария топтар
Тобыңызға қысқа сілтеме алып, оны жария етіңіз, мысалы: t.me/publictestgroup. Осылайша кез келген адам топтың бүкіл чат тарихын көре алады және хат жазу үшін қосыла алады.
Боттар арқылы теңшеу
Bot API және Inline Bots көмегімен кез келген нақты қажеттілігіңізге арналған жеке құралдар жасаңыз.
Telegram топтары достар және отбасы мүшелерімен бөлісуге немесе шағын командаларда бірлесіп жұмыс істеуге өте қолайлы. Бірақ топтар өте үлкен болып, 200 000 қатысушыға дейінгі қауымдастықтарды да қолдай алады. Кез келген топты жария ете аласыз, жаңа мүшелер бұрынғы хаттарға қол жеткізе ала ма, соны басқару үшін чат тарихы сақтауын қосуға немесе өшіруге болады, әрі өкілеттіктері егжей-тегжейлі бапталатын әкімшілерді тағайындай аласыз. Сондай-ақ маңызды хаттарды экранның жоғарғы жағына бекітіп қоюға болады, жаңадан қосылғандарды қоса алғанда, барлық мүше оларды көреді.
Арналар — кең аудиторияға хат тарату құралы. Арнада жазылушылар саны шектеусіз болуы мүмкін. Арнада жазба жариялағанда, хат атыңызбен емес, арнаның атауы және бейін суретімен «қол қойылады». Арнадағы әр хатта көрілім есептегіші болады, ол хат қаралған сайын жаңарып отырады, оған қайта жіберілген көшірмелердің көрілімдері де кіреді.
iOS: Жаңа хатты бастаңыз (Чаттардағы жоғарғы оң жақ бұрыштағы таңбашаны түртіңіз) → «Жаңа топ».
Android: Чат тізіміндегі дөңгелек қарындаш таңбашасын түртіңіз → «Жаңа топ».
Telegram Desktop: Жоғарғы сол жақ бұрыштағы мәзір батырмасын → «Жаңа топ» батырмасын басыңыз.
Топты басқаруға және олардың артықшылықтарын егжей-тегжейлі дәлдікпен анықтауға көмектесу үшін әкімшілерді қосуға болады.
iOS: Топ ақпарына өтіңіз (топтың чат экранының жоғарғы оң жақ бұрышындағы суретті басыңыз) → Өңдеу → Әкімші.
Android: Топ ақпары (тақырыптағы атауды басыңыз) → қарындаш таңбашасы (жоғарғы оң жақ бұрышта) → Әкімші бөліміне өтіңіз.
Telegram Desktop: Топта болғанда, жоғары оң жақ бұрыштағы «…» батырмасын басыңыз → Топты басқару → Әкімші.
Контактілерді қосуға не қолданушы аты бойынша іздеуді қолдана аласыз.
Адамдарға шақыру сілтемесін жіберу арқылы бар топтарды Telegram-ға көшіру оңай. Шақыру сілтемесін жасау үшін Топ ақпары → Мүше қосу → Сілтеме арқылы топқа шақыру бөліміне өтіңіз.
Телеграм орнатылған кез келген адам осы сілтеме арқылы тобыңызға қосыла алады. Сілтеменің күшін жоюды таңдасаңыз, ол бірден жұмысын тоқтатады.
Telegram-да жария қолданушы атын орнатуға болады. Содан кейін басқа қолданушылар сізді сол қолданушы атыңыз арқылы таба алады, сіз іздеуде «ғаламдық іздеу нәтижесі» бөлімінде көрінесіз. Ескерте кетейік: сізді тапқан адамдар, телефон нөміріңізді білмесе де, сізге хат жібере алады. Бұнымен өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, Telegram-да қолданушы атын орнатпауға кеңес береміз.
Қолданушы атын баптау бөлімінде орната аласыз, ал чаттар тізіміндегі әмбебап іздеу жолағын қолданып, чаттарды, хаттарды және қолданушы аттарын іздей аласыз.
Жиынтық қолданушы аттары қарапайым қолданушы аттары сияқты дәл солай жұмыс істейді, олар ғаламдық іздеу нәтижелерінде көрінеді және Telegram-нан тыс та қолдануға болатын жеке сілтемелері бар: қолданушы аты (username.t.me) және t.me/username.
Оларды Fragment сияқты үшінші тарап платформалары арқылы сатып алуға және сатуға болады, бұл құнды Telegram домендерін алу мен алмасудың қарапайым және қауіпсіз жолын ұсынады. Жиынтық қолданушы атын алу TON блокчейнімен расталатын тұрақты иелікті береді. Жиынтық қолданушы аттарының иелері оларды еркін түрде чаттарға тағайындай алады, басқаларға сата алады немесе кейін қолдану үшін сақтап қоя алады.
Қолданушы атын орнатқаннан кейін адамдарға t.me/username немесе username.t.me сілтемесін бере аласыз. Телефонда осы сілтемелердің кез келгенін ашса, Telegram қолданбасы автоматты түрде іске қосылып, сізбен чат ашылады. Қолданушы аты бар сілтемелерді достарыңызбен бөлісуге, визит карталарына жазуға немесе веб-сайтыңызға қоюға болады.
Осылайша адамдар телефон нөміріңізді білмей-ақ Telegram арқылы сізбен байланыса алады.
Жария қолданушы атын орнатқыңыз келмесе және нөміріңізбен бөлісуге қарсы болмасаңыз, халықаралық форматтағы телефон нөміріңізді қолданып жасауға болады, мысалы: t.me/+123456789. Бұндай сілтеме кез келген қолданбадан сізбен чатты жылдам ашады, бірақ ол тек құпиялық баптауында басқалардың сізді телефон нөміріңіз арқылы табуына рұқсат берілген жағдайда ғана жұмыс істейді.
Сіз a–z, 0–9 және астыңғы сызықша қолдана аласыз. Қолданушы аттары бас-кіші әріпке тәуелсіз, бірақ Telegram сіз таңдаған әріп пішімін сақтайды (мысалы: Telegram және TeleGram — бір қолданушы болады).
Жоқ, міндетті емес. Есіңізде болсын: Telegram-дағы қолданушы аттары жария болады, және қолданушы атын орнату адамдарға сізді ғаламдық іздеу арқылы тауып, телефон нөміріңізді білмесе де, сізге хат жіберуге мүмкіндік береді. Бұған өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, Telegram-да қолданушы атын орнатпауға кеңес береміз.
Жоқ. Екі тарап та бір-бірінің телефон нөмірін көрмейді (бұл құпиялық баптауыңыз арқылы рұқсат етілмесе). Бұл Telegram тобында танысқан адамға хат жазған жағдайға ұқсас.
Баптауға бөліміне өтіп, қолданушы аты өрісін бос күйінде сақтаңыз. Осылайша қолданушы атыңыз жойылады және адамдар сізді іздеу арқылы таба алмайды. Бұл бар чаттарға әсер етпейді.
Telegram-да қолданушы аттарының екі түрі бар: қарапайым қолданушы аттары және жиынтық қолданушы аттары.
Қарапайым қолданушы аттары
Telegram-дағы қарапайым қолданушы аттары «кім бірінші алса — сонікі» қағидасы бойынша беріледі.
Кейбір қолданушы аттары үшін онлайн тұлғалықтың маңызы бар екенін түсінеміз. Қалаған атыңыз қазірдің өзінде алынған болса және ол жиынтық ретінде тіркелмеген болса, сізге оны өз тіркелгіңізге немесе арнаңызға алуға көмектесе аламыз, ол үшін аталған қолданушы атын төмендегі қызметтердің кем дегенде екеуінде дәл сол түрде қолдануыңыз қажет: Facebook, Twitter, Instagram.
Бір тіркелгі бірнеше бот пен арнаға қолданушы аттарын тіркей алатындықтан, қолданылмайтын боттар мен арналарға бекітілген, сондай-ақ ашық түрде иеленіп отырған қолданушы аттарын қайтарып алу құқығын өзімізде қалдырамыз.
Қолданушы атын сұрау үшін @Username_bot арқылы хабарласыңыз.
Жиынтық қолданушы аттары
Жиынтық қолданушы атын қаласаңыз, бірақ ол алынған болса, оның сатылымда бар немесе жоғын тексеріңіз. Біз жиынтық қолданушы аттарын тағайындай алмаймыз, оларды тек өз иелері басқара алады.
Алаяқ атыңызды жамылып жүрсе, @NoToScam мекенжайына хабарласыңыз.
Өзіңізді озық қолданушы деп санасаңыз, Техникалық қолданушыға арналған ЖҚС бөліміміз де пайдалы болуы мүмкін.
Telegram WhatsApp пен Line сияқты жаппай таралған мессенджерлерге қарағанда қауіпсіз. Біз MTProto протоколына негізделген (сипаттамасы мен қосымша ЖҚС қараңыз), онда қауіпсіздік уақыт сынынан өткен алгоритмдерге сүйеніп, жоғары жылдамдықпен жеткізумен және әлсіз қосылымдардағы сенімділікпен үйлесімді жұмыс істейді. Протоколымыз бен клиенттік қолданбаларымыздың қауіпсіздігін жақсарту үшін қауымдастықпен үздіксіз жұмыс істеп келеміз.
Уайымдамаңыз, бізде бұл да ойластырылған. Telegram-ның арнайы құпия чаты End-to-End шифрлауын қолданады, серверлерімізде із қалдырмайды, өздігінен жойылатын хаттарды қолдайды және қайта жіберуге мүмкіндік бермейді. Бұған қоса, құпия чаттар Telegram бұлтының бөлігі емес және оларға тек сол чат басталған құрылғылардан ғана қол жеткізуге болады.
Біз қауіпсіз шифрлаудың екі қабатын қолданамыз. Сервер–клиент шифрлауы бұлтты чаттарда (жеке және топтық чаттар) қолданылады, ал құпия чаттар қосымша клиент–клиент шифрлау қабатын қолданады. Деректер түріне қарамастан, барлығы бірдей тәсілмен шифрланады, мейлі ол мәтін, медиа немесе файлдар болсын.
Шифрлауымыз 256 биттік симметриялық AES, 2048 биттік RSA және Diffie–Hellman қауіпсіз кілт алмасуына негізделген. Қосымша мәліметті Қосымша ЖҚС бөлімінен таба аласыз.
Сонымен қатар деректерді талап ететін сұранымдарды қарастырасыздар ма? бөлімін қараңыз.
Telegram ашық: кез келген адам бастапқы код, протокол және API қарап, бәрінің қалай жұмыс істейтінін көріп, саналы шешім қабылдай алады. Telegram тексерілетін құрастырманы қолдайды, олардың көмегімен сарапшылар GitHub-та жарияланған кодтың App Store немесе Google Play-ден жүктелетін қолданбаларды құрастыру үшін қолданылатын кодпен дәл сол бір код екенін дербес растай алады.
Қауіпсіздік сарапшыларын жүйемізді аудиттеуге қуана шақырамыз және кез келген пікірді security@telegram.org мекенжайына жолдағаныңызды бағалаймыз.
Оған қоса, Telegram-ның басты ұстанымы пайда табу емес, сондықтан коммерциялық мүдделер миссиямызға ешқашан кедергі келтірмейді.
Сонымен қатар Telegram жайлы мақалаларды қараңыз
Құпия чаттарға келгенде керек емес: құпия чатыңыздың визуалданған кілті досыңыздың құпия чатының баптауындағы кілтпен сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Бұл туралы толығырақ төменде.
Telegram Bug Bounty бағдарламасы туралы ең соңғы мәліметтер үшін мына бетті қараңыз.
Telegram хаттарын дешифрлауға болады деп мәлімдейтін кез келген адам өз уәжін байқауымызда дәлелдеуге шақырылады және 300 000 доллар ұтып ала алады. Толығырақ білу үшін Cracking Contest сипаттамасын қарап шығыңыз.
Telegram-ның қауіпсіздігіне қатысты кез келген пікірді security@telegram.org мекенжайына жіберуге болады. Кодқа немесе конфигурацияға өзгеріс енгізуге әкелетін барлық жолданым сыйақы алуға үміткер, оның мөлшері мәселенің ауырлығына қарай $100-дан $100,000-ға дейін (немесе одан да көп) болуы мүмкін. Назар аударыңыз: ақау түзетілмей тұрып көпшілікке жария етілген мәселелер үшін сыйақы бере алмаймыз.
Telegram деректерді тасымалдау және қауіпсіз байланыс тұрғысынан көмектесе алады. Яғни сіз Telegram арқылы жіберіп-алатын барлық деректер (медианы және файлдарды қоса) интернет провайдеріңіз, қосылатын Wi-Fi роутерлерінің иелері немесе өзге үшінші тараптар ұстап қалса да, дешифрланбайды.
Бірақ мынаны есте ұстаңыз: анаңыз телефоныңызды құпия кодсыз ашық күйде алып қойса, ондайдан біз қорғай алмаймыз. Немесе жұмыстағы ІТ бөлімі компьютеріңізге кірсе. Сол сияқты Telegram орнатылған телефондарыңызға не компьютерлеріңізге біреулер физикалық немесе root рұқсатына қолжеткізсе, ондай жағдайлардан да қорғай алмаймыз.
Жеке қауіпсіздігіңізге алаңдауға себеп болса, сезімтал ақпарат үшін тек ресми немесе кемінде ашық коды тексерілетін қолданбалардағы құпия чатты ғана қолдануды қатты ұсынамыз, мүмкіндігінше авто-жою таймерімен. Сонымен бірге екі сатылы растауды қосып, қолданбаны құлыптау үшін мықты құпия код орнатыңыз, бұл екеуін Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік бөлімінен таба аласыз.
SMS коды арқылы кіру мессенджерлер әлемінде саладағы стандарт болып саналады, бірақ сізге көбірек қауіпсіздік керек болса немесе байланыс операторыңызға не мемлекеттік органдарға күмәніңіз болса, бұлттық чаттарыңызды қосымша құпиясөзбен қорғауды ұсынамыз.
Бұны Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Екі сатылы растау бөлімінде орнатуға болады. Қосылғаннан кейін кіру үшін сізге әрі SMS коды, әрі құпия сөз қажет болады. Сондай-ақ құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, қолжетімділікті қалпына келтіруге көмектесетін қалпына келтіру электронды пошта адресін орната аласыз. Оны орнатсаңыз, қалпына келтіру поштасының тіркелгісі де мықты құпиясөзбен және мүмкін болса, екі сатылы растаумен қорғалған болуы маңызды екенін есте сақтаңыз.
Есте сақтауы жеңіл, бірақ берік құпиясөз жасауға арналған кеңестер үшін мынаны қарап шығыңыз.
Root құқықтары берілген немесе jailbreak жасалған құрылғыны қолдану әлеуетті бұзушыға құрылғыңызға толық әкімшілік бақылауды root рұқсат алуды жеңілдетеді.
Root рұқсаты бар қолданушы операциялық жүйеге кіріктірілген қауіпсіздік тетіктерін оңай айналып өте алады, үрдіс жадысын оқи алады немесе ішкі жад сияқты шектеулі аймақтарға қол жеткізе алады. Бұзушы root рұқсатын алған сәттен бастап, қатерлерді азайтуға бағытталған кез келген әрекет мәнсіз болып қалады. Шифрлау қаншалықты мықты болса да, бұндай жағдайда ешбір қолданбаны қауіпсіз деп атауға болмайды.
Құпия чаттар әдеттегі қолданушыдан да көбірек құпиялық қалайтын адамдарға арналған. Құпия чаттардағы барлық хат End-to-End шифрланады. Бұл дегеніміз — ол хаттарды тек сіз және алушы ғана оқи алады, басқа ешкім, Telegram-ның өзі де, оларды дешифрлай алмайды (толығырақ осында). Бұған қоса, құпия чаттардан хаттарды қайта жіберуге болмайды. Ал сіз өз тарапыңыздан хаттарды өшірген кезде, құпия чаттың екінші жағындағы қолданбаға да оларды өшіру тапсырмасы беріледі.
Өз хаттарыңызға, фотоларыңызға, бейнелеріңізге және файлдарыңызға алушы оларды оқығаннан немесе ашқаннан кейін белгілі бір уақыт өткен соң өздігінен жойылатын таймер қоя аласыз. Содан кейін ол хат сіздің де, досыңыздың да құрылғысынан жоғалады.
Барлық құпия чат Telegram-да құрылғыға байланған және Telegram бұлтының бөлігі емес. Демек, құпия чаттағы хаттарға тек ол басталған құрылғыдан ғана қол жеткізе аласыз. Олар құрылғыңыз қалтаңызда қауіпсіз тұрғанша қауіпсіз.
Байланысқыңыз келетін қолданушының бейінін ашыңыз. «…» батырмасын басып, «құпия чатты бастау» таңдаңыз.
Есте сақтаңыз: Telegram-дағы құпия чаттар құрылғыға байланған. Бір құрылғыңызда досыңызбен құпия чат бастасаңыз, ол чат тек сол құрылғыда ғана қолжетімді болады. Тіркелгіден шығып кетсеңіз, барлық құпия чатыңыз жоғалады. Бір контактпен қалағаныңызша көп бөлек құпия чат жасай аласыз.
Өзін-өзі жою таймері құпия чаттардағы барлық хатқа, ал жеке бұлттық чаттарда медиаға қолжетімді.
Таймер қою үшін сағатша белгішесін түртіңіз (iOS-та енгізу өрісінде, Android-та жоғарғы жолақта), содан кейін қажетті уақыт шегін таңдаңыз. Таймер хат алушының экранында хат көрсетілген сәттен (екі құсбелгі шыққанда) іске қосылады. Уақыт біткен бойда хат екі құрылғыдан да жоғалады. Скриншот түсірілсе, мәлімдеме жіберуге тырысамыз.
Назар аударыңыз: құпия чаттардағы таймер тек таймер қойылғаннан кейін жіберілген хаттарға ғана қолданылады. Одан бұрынғы хаттарға оның әсері болмайды.
Кейбір жүйелерде (әсіресе кейбір Android және Windows Phone құрылғыларында) скриншот түсіру фактісін анықтаудың мінсіз, 100% сенімді тәсілі жоқ. Құпия чаттарда түсірілген скриншоттар туралы сізге мәлімдеме жіберу үшін бар күшімізді саламыз, бірақ бұндай мәлімдемелерді айналып өтіп, елеусіз скриншот түсіру мүмкіндігі бәрібір қалуы ықтимал. Сондықтан сезімтал ақпаратты тек сенетін адамдарыңызбен бөлісуді ұсынамыз. Ақыр соңында, ешкім адамның экранын басқа құрылғымен немесе ескірген фотоаппаратпен суретке түсіруіне кедергі жасай алмайды.
Құпия чат құрылған кезде, оған қатысатын құрылғылар Diffie-Hellman кілт алмасуы деп аталатын тәсіл арқылы шифрлау кілттерін алмасады. Қауіпсіз End-to-End қосылым орнатылғаннан кейін, біз чатыңыздың шифрлау кілтін визуалдайтын бір сурет жасаймыз. Осы суретті досыңыздағы суретпен салыстыра аласыз, екі сурет бірдей болса, құпия чаттың қауіпсіз екеніне және man-in-the-middle шабуылы сәтті болмайтынына сенімді бола аласыз.
Telegram қолданбаларының жаңарақ нұсқаларында, екі тарап та жаңартылған қолданбаны қолданса, үлкенірек суретпен қатар кілттің мәтіндік көрінісі де көрсетіледі (әрине, бұл кілттің өзі емес!).
Әрдайым визуалдандыруларды қауіпсіз екені белгілі байланыс арнасы арқылы салыстырыңыз, ең қауіпсізі, бұны әңгімелесуші серіктеспен офлайн, бетпе-бет кездесуде жасау.
Telegram-дағы барлық хат әрқашан қауіпсіз түрде шифрланады. Құпия чаттарда client-client шифрлауы қолданылады, ал бұлттық чаттарда client-server/server-client шифрлауы қолданылады және олар Telegram бұлтында шифрланған күйде сақталады (толығырақ бұнда). Осының арқасында бұлттағы хаттарыңыз әрі қауіпсіз әрі құрылғыларыңыздың кез келгенінен бірден қолжетімді, тіпті құрылғыңызды мүлдем жоғалтып алсаңыз да.
Жаңа қосылған құрылғыда (мысалы: телефоныңыз жоғалғанда) чат тарихына қайта қолжеткізудің мәселесі ұштан-ұшқа шифрлау парадигмасында әдемі шешімге ие емес. Сол уақытта сенімді сақтық көшірмелер кез келген жаппай нарықтық мессенджер үшін аса маңызды мүмкіндік. Бұл мәселені шешу үшін кейбір қолданбалар (мысалы: WhatsApp пен Viber) қолданушылардың құпиялық тәуекелін арттыратын дешифрлауға болатын сақтық көшірмелерді ұсынады, тіпті қолданушылар сақтық көшірмелерді өздері қоспаса да. Басқа қолданбалар сақтық көшірмелер қажеттігін мүлде елемей, қолданушыларын деректер жоғалту қаупіне ұшыратады.
Біз үшінші тәсілді таңдадық: екі түрлі чат түрін ұсыну. Telegram әдепкі жүйелік сақтық көшірмелерді өшіреді және барлық қолданушыға Бұлттық чаттар түріндегі, қауіпсіздікке басымдық беретін біріктірілген сақтық көшіру шешімін береді. Ал бөлек санат ретінде құпия чаттар сақталуын қаламайтын деректеріңіз үстінен толық бақылау береді.
Осының арқасында Telegram-ды тек белсенділер мен диссиденттер ғана емес, қалың жұртшылық та кеңінен қолдана алады, яғни Telegram қолдану фактісінің өзі кейбір елдерде қолданушыларды күшейтілген бақылау нысанасына айналдырмайды. Біз чаттарды бұлттық және құпия чаттарға бөлу — аса танымал мессенджер үшін қазіргі мүмкін ең қауіпсіз шешім деп сенеміз.
Қосымша: Неліктен Telegram әдепкі ретінде End-to-End шифрлауын қолданбайды?
Telegram-да сіз телефон нөміріңізді көрсетпей-ақ жеке чаттар мен топтарда хаттар жібере аласыз. Әдепкі бойынша, нөміріңізді мекенжай кітабына контактілер ретінде қосқан адамдарға ғана көрінеді. Бұны Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Телефон нөмірі бөлімінде өзгерте аласыз.
Адамдар нөміріңізді бұрыннан білетін болса және оны контактілер тізіміне сақтаған болса, нөміріңізді әрқашан көретінін ескеріңіз.
Әр телефон нөмірі Telegram-да бөлек тіркелгі болып саналады. Бірнеше телефон нөмірін қолдансаңыз, мынадай бірнеше нұсқа бар:
Көптеген қолданушыға Telegram жүйесінен шығудың қажеті жоқ:
Қандай да бір себептермен жүйеден шыққыңыз келсе, бұны істеу жолы:
iOS: Баптау → Өңдеу → Шығу бөліміне өтіңіз.
Android, Telegram жұмыс үстелі: Баптау → … (жоғарғы оң жақ бұрышта) → Шығу батырмасын басыңыз.
Жүйеден шықсаңыз, барлық бұлттық хатыңызды сақтайсыз. Дегенмен, жүйеден шыққан кезде сіз барлық құпия чаттағы барлық хатты жоғалтасыз.
Жүйеден шығу чаттасыңыздың құрылғысындағы құпия чат хаттарын қашықтан жоймайтынын ескеріңіз, ол үшін алдымен «тазалау» опциясын таңдаңыз.
Telegram-да нөміріңізді ауыстырып, бәрін сақтап қала аласыз, бұған Telegram бұлтынан барлық контакт, хат және медиа, сондай-ақ барлық құрылғыңыздағы құпия чаттарыңыз да кіреді.
Нөмірді ауыстыру үшін баптау бөліміне өтіңіз, сосын телефон нөміріңізді (қолданушы атыңыздың дәл үстінде) басыңыз, кейін «нөмірді өзгерту» таңдаңыз. Мақсатты нөмірде басқа Telegram тіркелгісі бар болса, алдымен ол тіркелгіні жоюыңыз керек.
Тіркелгіңізді жойғыңыз келсе, оны жою бетінде жасай аласыз. Тіркелгіні жою барлық хатыңызды және контактіні біржола жояды. Сіз құрған барлық топ пен арна негізін қалаушысыз қалады, бірақ әкімшілер өз өкілеттіктерін сақтайды.
Бұл әрекет Telegram тіркелгіңіз арқылы расталуы тиіс және кейін қайтарылмайды.
Бұл үдерісті ұялы емес (компьютердегі) браузер арқылы орындауды ұсынамыз.
Ескерту: кодты Telegram арқылы аласыз, SMS емес.
Жоғарыда айтылғандай, деректеріңіздің бәрі жүйемізден толық жойылады: тіркелгіңізге байланысты хаттар, топтар және контактілер жойылады. Дегенмен, сіз құрған топтарда контактілеріңіз сөйлесуді жалғастыра алады және сіз жіберген хаттардың өз жағындағы көшірмесі оларда қалады. Сондықтан із-түссіз жоғалатын хаттар жібергіңіз келсе, авто-жою таймерін қолданып көріңіз.
Telegram тіркелгісін тоқтату — қайтымсыз әрекет. Қайта тіркелсеңіз, жаңа қолданушы ретінде көрінесіз және алдыңғы тарихыңыз, контактілеріңіз немесе топтарыңыз қайтарылмайды. Телефон нөміріңіз контактілерінде сақталған адамдарға мәлімдеме жіберіледі. Жаңа қолданушы олардың чаттар тізімінде бөлек чат ретінде көрсетіледі және осы жаңа қолданушымен чат тарихы бос болады.
Telegram коммерциялық ұйым емес, сондықтан біз дискілік кеңістікті өте бағалаймыз. Telegram-ды қолдануды тоқтатып, кемінде 18 ай бойы онлайнға шықпасаңыз, тіркелгіңіз Telegram бұлтында сақталған барлық хат, медиа, контакт және өзге деректермен бірге жойылады. Белсенсіз тіркелгі өздігінен жойылатын нақты мерзімді баптау бөлімінде өзгерте аласыз.
Иә. Telegram тіркелгіңізді жоймай-ақ деректеріңіздің көп бөлігін өшіре аласыз.
Екі тарап үшін жекелеген хаттарды немесе бүкіл чатты кез келген уақытта өшіру үшін, қажетті хатыңызды түртіңіз (немесе бірнеше чатты таңдау үшін басып тұрыңыз) → жою белгішесін басып → екі жақтан да жою теңшеуін белгілеңіз.
Көптеген тиісті баптау Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік бөлімінде орналасқан (iOS-та бір қосымша қадам бар: Дерек баптауы), мысалы:
Үйлестірілген контактілерді жою үшін Үйлестірілген контактілерді жою.
Бұлттағы шимайды жою үшін Барлық шимайды жою (Android-та: Баптау → Дерек пен жад).
Жиі хат алмасатын контактілер мен боттар туралы ұсыныс метадеректерін өшіру үшін Жиі хабарласатынды ұсыну теңшеуін өшіріңіз.
Басқа деректер бойынша:
Бейін суреттерін жою: өз бейініңізді ашыңыз → бейін суретін басыңыз → → Жою.
Жариялаған хикаяны жою: Хикая бөліміне өтіңіз, қажеттісін басып ұстап тұрыңыз да, оң жақ жоғарғы бұрыштағы жою таңбасын басыңыз.
Қоңыраулар тарихын жою: Қоңырау бөліміне өтіңіз → /
→ Барлық қоңырауды жою.
Телефоныңызға қатысты жағдайға өкініш білдіреміз. Қазіргі таңда Telegram қолданушыны сәйкестендірудің жалғыз жолы — телефон нөмірі. Сіз туралы қосымша ақпарат жинамаймыз, сол себепті кімде нөмір болса, сол тіркелгіге қол жеткізе алады. Сізде не телефон нөміріне, не Telegram-ға өзге құрылғыларыңыздың бірінде қолжетімділік болмаса, біз көмектесе алмайтынымызды білдіреді.
Ұрылар әдетте SIM-картаны бірден алып тастайды (осылайша телефонды табу қиындайды), сосын құрылғыны тазалап, сатып жібереді, сондықтан ұсақ тұрмыстық ұрлық жағдайында деректер үшін үлкен қауіп төнбейді. Бірақ құрылғыдағы деректерге алаңдасаңыз және басқа құрылғыдан шығуды орындай алмайтын болсаңыз, ең дұрысы — оны қашықтан толық тазарту. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз: Apple iOS, Android. Бұны жасау үшін алдын ала дайындық қажет.
Басқа құрылғыларыңыздың (ұялы немесе компьютер) кем дегенде біреуінде кіріп тұрған болсаңыз, Telegram тіркелгіңізді жоя аласыз. Назар аударыңыз: белсенді емес Telegram тіркелгілері белгілі бір уақыт өткен соң өздігінен жойылады, әдепкі мәні 18 ай.
Telegram бейіндерінде қолданушының Telegram жұлдыз арқылы жасаған сәтті транзакцияларының жалпы көлеміне негізделген сандық рейтингі бар таңба көрсетіледі.
Бейін рейтингіңіз Telegram-дағы деңгейіңізді айқындайды және арна иелеріне ұсынылған жазба және өзге де өтініштер бойынша сізге сенуге болатынын көрсетуге көмектеседі.
Жұлдыз арқылы сыйлықтар сатып алу, ақылы жазба жіберу және ұсынылған жазбаны қаржыландыру — рейтингіңізді өсіретін әрекеттер. Алайда жұлдыз сатып алуларын қайтарсаңыз немесе сыйлықтарды жұлдызға айырбастасаңыз, рейтингіңіз төмендейді.
Әзірлеуші болсаңыз, бот ЖҚС бөлімі пайдалырақ болуы мүмкін.
Боттар — Telegram-ның өз ішінде жұмыс істейтін шағын бағдарламалар тәрізді. Оларды үшінші тарап әзірлеушілері Telegram Bot API арқылы жасайды.
Telegram-да бот жасау өте оңай, бірақ кемінде белгілі бір деңгейде бағдарламалау дағдылары қажет. Бұған дайын екеніңізге сенімді болсаңыз, әзірлеушілерге арналған кіріспе бастау үшін тамаша орын.
Әзірлеуші болмасаңыз, дайын күйінде жұмыс істейтін ботты бірден құрастырып беретін дайын тәсілдер жоқ. Бірақ басқа адамдар жасаған көптеген боттарды тез арада тауып, қолданып көретініңізге сенімдіміз.
Боттың сізге хат жібергенін қаламасаңыз, оны еркін түрде бұғаттаңыз, қалай кәдімгі қолданушыны бұғаттасаңыз, солай. Кейбір Telegram клиенттерінде боттың бейінінде бірден «ботты тоқтату» батырмасы болады.
Айтпақшы, боттардың көпшілігі дыбысын өшіретін пәрмендерді ұсынады, нұсқаулар үшін оның /help пәрменін қарап шығыңыз.
Иә. Боттар, мысалы топтарда кездесетін кәдімгі қолданушылардан еш айырмасы жоқ. Олар атыңызды, қолданушы атыңызды және бейін суреттеріңізді көре алады, сондай-ақ оларға жіберген хаттарыңызды көреді, тек осы ғана. Олар соңғы белсенділік күйіңізге қол жеткізе алмайды және телефон нөміріңізді көрмейді (өзіңіз беруді шешпесеңіз).
Әрине, кез келген ботты бейтаныс адамдай қабылдаңыз, олар әдеппен сұраса да, құпия сөздеріңізді, Telegram кодтарыңызды немесе банк шот нөмірлеріңізді бермеңіз. Сондай-ақ боттар жіберген файлдарды ашқанда абай болыңыз, қалай қарапайым адамдардан келген файлдармен сақ болсаңыз. Мысал: бір бот бізге OpenMe.exe деген файл жіберсе, біз оны ашпас едік.
Боттарды топқа қосқанда олар екі режімде жұмыс істей алады. Әдепкіде боттар тек өздеріне арналған хаттарды ғана көреді. Бұл жағдайда мүшелер тізімінде боттың жанында «хатқа рұқсаты жоқ» деп көрсетіледі.
Кейбір боттарға жұмыс істеу үшін көбірек ақпарат қажет болады, сондықтан әзірлеушілер құпиялық режімін өшіруі мүмкін. Бұл кезде бот топқа жіберілген барлық хатты көреді, ал мүшелер тізімінде боттың жанында «хатқа рұқсаты бар» деп көресіз.
Боттардың құпиялық режімі туралы толығырақ »
Тобыңызда өте шетін ақпар болса, 100% сенімдігілі жоқ боттарды қоспаған жөн.
Жоқ. Белгілі бір мақсаттарға арналған кейбір ресми боттарымыз бар (мысалы: @gif не @Stickers бірақ жалпы алғанда біз бот жасамаймыз. Боттарды үшінші тарап әзірлеушілері Telegram Bot API және платформа арқылы жасайды.
Қазір ресми дүкен жоқ, сондықтан әзірге достарыңыздан сұрауыңызға немесе интернеттен іздеуіңізге тура келеді. Ойнап көруге болатын бірнеше бот табатыныңызға сенімдіміз.
Барлық Telegram клиенттік қолданбасы толықтай ашық кодты. Біз iOS пен Android үшін тексерілетін жинақтамалар ұсынамыз, бұл технология қолданба дүкендерінен жүктейтін қолданбаның GitHub-та жариялаған дәл сол бір кодпен құрастырылғанын дербес растауға мүмкіндік береді.
Керісінше, серверлік кодты жариялау құпия чаттар үшін де, Бұлттық чаттар үшін де қауіпсіздік кепілдіктерін бермейді, себебі клиенттік кодтан айырмашылығы — серверлерде дәл сол кодтың орындалып жатқанын тексерудің еш жолы жоқ.
Құпия чаттарға келсек, олардың тұтастығын тексеру үшін серверлік кодтың қажеті жоқ, End-to-End шифрлаудың мәні де сол: серверлердің қалай жұмыс істейтініне қарамастан, қауіпсіздік берік болуы тиіс.
Арнасындағы жазбасында Павел Дуров Telegram неге серверлік кодты жарияламағанын, тіпті пиар мақсатындағы әрекет ретінде де, түсіндіреді.
Telegram серверлерінде қолданылатын шифрлау мен API толық құжатталған және қауіпсіздік сарапшыларының талдауына ашық. Кез келген пікірлеріңізді security@telegram.org мекенжайына жолдауыңызды құптаймыз.
Архитектурамыз әзірге федерацияны қолдамайды. Telegram — біртұтас бұлттық қызмет, сондықтан екі қолданушының екі түрлі Telegram бұлтына түсіп қалуы мүмкін болатын тармақтар жасауға жол берілмейді. Жылдамдық пен қауіпсіздікті сақтай отырып, Telegram-ды өз серверіңізде іске қосуды мүмкін ету, өз алдына бір күрделі міндет. Қазіргі сәтте Telegram осы бағытқа баруы немесе бармауы туралы нақты шешім қабылданған жоқ.
Иә. Барлық платформаның әзірлеушілері протоколымызды, API, тіпті бастапқы кодты еркін қолдана алады. Құжаттамадағы бастау бөлімін қарап шығыңыз.
Платформамызда керемет құралдар жасауға мүмкіндік беретін Bot API туралы ұмытпаңыз.
Әрине. Мына жерден қараңыз.
Apple қолданбалар қандай деректер жинауы мүмкін екенін қолданушыларға хабарлау үшін құпиялық парақтарын жасады, бірақ ондағы ақпарат жалпылама және жаңсақ түсінік тудыруы мүмкін. Telegram-ның құпиялық парағына қатысты егжей-тегжейлі түсіндірмені мына жерден көре аласыз.
Біріншісі — macOS-қа арналған қолданбамыз, екіншісі — Telegram Lite, яғни көпплатформалы клиенттің macOS-нұсқасы. Екеуі де ресми. Екеуі бастапқыда екі түрлі әзірлеушінің бейресми қолданбалары ретінде пайда болған, сондықтан дизайн мен функционалдылық жағынан ерекшеленеді.
MacOS-қа арналған Telegram MacBook Pro Touch Bar, қимыл арқылы навигация, Mac-тың Share мәзірімен бірігу және т.б. платформалық мүмкіндіктерді қолдайды. Онда iOS-нұсқасындағы барлық мүмкіндік бар, соның ішінде құпия чат.
Telegram Lite — аса жылдам қолданба, жұмысқа қатысты тапсырмалар мен үлкен қауымдастықтармен жұмыс істеуге оңтайландырылған. Ол үш бағанды интерфейсті ұсынады, бұл көпміндеттілікті жеңілдетіп, чаттарыңызда бөлісілген медиа, файлдар мен сілтемелерге жедел қолжеткізу береді. Бұл қолданбаны Telegram деректеріңіз бен чаттарыңызды экспорттау үшін де қолдануға болады.
Telegram көптеген платформада ресми түрде ағылшын, испан, неміс, голланд, италиян, француз, араб, португал, корей, малай, орыс және украин тілдерінде қолжетімді, әрі біз қолданбаларға кірістірілген тілдер тізімін біртіндеп кеңейтіп келеміз.
Telegram интерфейсіндегі белгілі бір элементтің тіліңізге аудармасы ұнамайтын болса немесе аударманы сүйемелдеуге көмектескіңіз келсе, локализация платформамызды қараңыз. Әркім аударма ұсынып, ең үздіктеріне дауыс бере алады, осылайша Telegram локализациясы қауымдастық жүргізетін жұмысқа айналады.
Жекелеген сөз тіркестеріне ұсыныстар беруден әрі өтіп, өз тіліңіздегі ресми аударманы үздіксіз сүйемелдеуге көмектескіңіз келсе, @TelegramAuditions тіркелгісіне хабарласыңыз. Хатыңызға тіліңіздің ағылшынша атауы бар хештегті қосыңыз (мысалы: #Albanian), сондай-ақ осы платформадағы аударма ұсыныстарыңыз немесе пікірлеріңіз бар бірнеше сілтемені жіберіңіз. Өтінім бермес бұрын стиль нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз.
Иә, біз қолданушыларға қолдау көрсетуге көмектесетін еріктілерді әрдайым іздейміз. Еліңіздегі қолданушылардың Telegram туралы сұрақтарына жауап беруге қызықсаңыз, аудиенция тіркелгімізге хабарласыңыз.
Өтініш бермес бұрын Telegram Support Initiative бөлімін қарап шығыңыз.
Telegram төлқұжат — жеке сәйкестендіруді талап ететін қызметтерге арналған бірыңғай авторландыру тәсілі. Telegram төлқұжат көмегімен құжаттарыңызды бір рет жүктеп, одан кейін нақты әлемдегі жеке басты растауды қажет ететін қызметтермен (қаржы, ICO және т.б.) деректеріңізді лезде бөлісе аласыз.
Жеке куәлік құжаттарыңыз бен жеке деректеріңіз End-to-End шифрлау арқылы Telegram бұлтында сақталады. Telegram үшін бұл деректер тек кездейсоқ, мағынасыз жиынтық, біз Telegram төлқұжат ішінде сақтайтын ақпаратыңызға қол жеткізе алмаймыз. Деректерді бөліскен кезде олар тікелей алушыға жіберіледі.
Telegram төлқұжат туралы толығырақ блогымыздан оқыңыз
Әзірлеуші болсаңыз немесе нақты өмірдегі жеке басты растауды талап ететін қызметтің иесі болсаңыз, өтінеміз, мына нұсқаулықпен танысыңыз. Сондай-ақ осы бет арқылы Telegram төлқұжат деректерін сұрауды сынап көре аласыз.
Ұялы телефон нөміріңізді халықаралық форматта енгізіп жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
Мысалы: +(ел коды)(қала немесе оператор коды)(нөміріңіз)
Тіркелу немесе кіру кезінде мәселелер туындаса, бізбен мына форма арқылы байланысыңыз.
Қауіпсіздік себептері бойынша телефон қоңырауы арқылы айтылатын кіру кодтары тек екі сатылы растау қосылған тіркелгілерге қолжетімді (Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Екі сатылы растау).
Сондай-ақ Telegram тіркелгілері тек ұялы нөмірге ғана байланыстырылатынын ескеріңіз. Қазіргі уақытта біз қалалық телефон нөмірлерін қолдамаймыз.
Жақында басқа құрылғыда (тіпті сол құрылғыдағы басқа қолданбада да болуы мүмкін) біздің қолданбалардың бірін қолданған болсаңыз, біз кіру кодын SMS емес, Telegram арқылы жіберуіміз мүмкін.
Бұндай кодты алу үшін, байланыстырылған кез келген құрылғыңыздағы Telegram-ды тексеріңіз. Кодты көк таңбасы бар расталған бейіні бар Telegram-мен чаттан табасыз:
ЕСКЕРТУ! Telegram арқылы код алу өзектi телефон нөмірін қолдануға балама деп саналмауы тиіс. Нөмір ауысқан жағдайда, әрдайым Telegram-ды өзіңіз басқаратын телефон нөміріне байланыстырғаныңызға көз жеткізіңіз, әйтпесе тіркелгіңізге қолжетімділікті мәңгілікке жоғалтып алу қаупі бар.
Төмендегі кеңестер көмектеспесе, мәлімдеме ақауларын жою жөніндегі толық нұсқаулықты қараңыз
ANDROID
ЕСКЕРТУ: Huawei және Xiaomi құрылғыларында Telegram мәлімдемесіне кедергі келтіретін агрессивті тапсырма тоқтатқыш қызметтер бар. Мәлімдемелердің дұрыс жұмыс істеуі үшін бұл құрылғылардың қауіпсіздік баптауында Telegram-ды рұқсат етілген қолданбалар тізіміне қосу қажет. Huawei: Телефон менеджері қолданбасы → Қорғалған қолданбалар → Тізімге Telegram-ды қосыңыз. Xiaomi: Қызметтер → Қауіпсіздік → Рұқсаттар → Автобастау, Telegram-ды тауып, қосыңыз.
iOS
Достарыңызда Telegram бар екенін білсеңіз, бірақ олар көрінбесе немесе атаулардың орнына нөмір болып тұрса.
Android:
iOS:
Контактіні жою үшін, сол адаммен чатты ашыңыз, чат экранының жоғарғы бөлігіндегі тақырыпты басып оның бейініне өтіңіз, содан кейін оң жақ жоғарғы бұрыштағы (⋮) таңбасын басыңыз → «Контактіні жою».
Контактіні толықтай жойғыңыз келсе, оны телефон контактілерінен де жойғаныңызға көз жеткізіңіз. Telegram үйлестіріледі, сондықтан телефон кітапшасынан жоймасаңыз, контакт қайта қосылып кетеді.
Құпия чаттар олар жасалған екі құрылғының арасында орнатылады. Демек, ондағы хаттар бұлтта сақталмайды және басқа құрылғылардан қолжетімді болмайды.
Сонымен қатар, құпия чаттар құрылғыдағы ағымдағы сессияңызға байланған: тіркелгіден шығып қайта кірсеңіз, барлық құпия чатыңыз жоғалады.
Қолданушылар белгілі бір Telegram тіркелгісінен қажетсіз хаттар туралы шағымданған жағдайда, біз шектеу қоямыз: шағымдалған тіркелгілер тек нөмірі контакт ретінде сақталған адамдарға ғана хат жібере алады.
Яғни, бейтаныс адамдарға ретсіз түрде мазалайтын хаттар жіберсеңіз, болашақта бұндай мүмкіндіктен айырылып қалуыңыз мүмкін.
Бұл шектеу тіркелгіңізге қате қолданылды деп ойласаңыз, мына бетті қараңыз.
Telegram қоңырау шалып жатқанда, бейне жазып жатқанда немесе дауысхатын/бейнехатын жазып жатқанда қолданбаны жасырып (фонға жіберіп) қойсаңыз, микрофонды фондық режімде қолдана алады.
Samsung пен Xiaomi-дің рұқсаттарды бақылау қызметтері кейде Telegram камераға артқы режімде қолжеткізуді сұрады деп кездейсоқ «таңбалап», сізге мәлімдеме шығара алады. Бұл қолданба камера туралы ақпаратты сұрағанда орын алады, камераның өзі қолданылмайды. Бұндай жағдай Samsung және Xiaomi рұқсат бақылаушыларына бірдей көрінуі мүмкін.
Қолданба камера ақпаратына мына кезде жүгінеді: тіркеме батырмасын басқанда немесе бейне/бейнехат жазуды бастағанда. Осы әрекеттерден кейін қолданбаны тез жапсаңыз, басталып қойған сұрау қолданба артқы режімге ауысқан кезде асинхронды түрде орындалуға тырысуы мүмкін немесе жүйе жаңа хат туралы мәлімдеме көрсету үшін қолданбаны «оятқанда» жіберілуі мүмкін. Қалай болғанда да, бұл сұраулар тек камера туралы ақпаратқа қатысты, қолданба камераны артқы режімде ешқашан қолданбайды.
Кез келген адам Telegram-ның ашық бастапқы кодын қарап, қолданбаның жасырын әрекет істемейтінін растай алады. Сондай-ақ біз жиналатын құрастырма ұсынамыз, олардың көмегімен App Store немесе Google Play-ден жүктеген нұсқа дәл сондай кодтан құрастырылғанын дербес дәлелдеуге болады.
Басқа да сұрақтарыңыз болса, Telegram қолдау қызметіне хабарласыңыз (Telegram-да «Баптау → Сұрақ қою» бөліміне өтіңіз). Қолдау үшін еріктілерге сенетінімізді ескеріңіз.
Тіркелгіңізге кіре алмасаңыз, осы пішінді қолданыңыз.
Медиа сұранымы үшін Telegram желісінде @PressBot хабарласыңыз.
Иәп. Бізді бақылаңыз! @telegram
Испантілді тіркелгіміз: @telegram_es
Италианша: @telegram_it
Корейше: @Telegram_kr
Немісше: @de_telegram
Бразилиа қолданушыларына: @Telegram_br
Арабтілді қолданушыларына @telegram_arabic қызық болуы мүмкін.
Бізде @smstelegram кіру мәселесін шешуге көмектесетін арнайы тіркелгіміз бар. Бұл ресми тіркелгі. Telegram үшін қолданатын нөмірге хабарласудан қорықпаңыз, бұл ақпарат бізге мәселелерді зерттеу үшін қажет.
Сақ болыңыз, бізде әлеуметтік медиа платформаларында басқа қолдау көрсету тіркелгілері жоқ.
Facebook-та немесе кез келген басқа платформада біреу сізге атымызды жамылып, Telegram ұйымымыз десе, ол жалған ақпарат.